$ 494.87  520.65  4.91

Досаев шығыны 2 млрд теңге болатын әл-Фараби даңғылын жөндеу жұмысын тоқтатты

Қаржы басқа мақсаттарға жұмсалады.

Алматы әкімі Ерболат Досаев әл-Фараби даңғылындағы жөндеу жұмыстарын тоқтатты. Қаржы басқа мақсаттарға жұмсалады. Бұл туралы қала әкімі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Досаевтың айтуынша, бұған дейін Алматының басты көшелерінің бірін жөндеуге екі миллиард теңге бөлінген. Бұл қаражат қаланың жөндеуді қажет ететін аудандарына жол салу және жөндеу жұмыстарына бағытталады.

«Әл-Фараби даңғылы, ШААЖ-дан Саин көшесіне дейін жөндеуге бөлінген қаржыны сапасы сын көтермейтін жолдарды жөндеуге немесе кейбір аудандарда жол салуға бөлу туралы шешім шығардым. Резервтерді іздеу бойынша жұмыс жалғасады», - деп мәлімдеді Ерболат Досаев.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары