$ 446.49  475.38  4.79

«Депутаттар қазақ тілінен емтихан тапсыруы тиіс» – Қазыбек Иса

Мемлекетшіл адам мемлекеттік тілді білуге міндетті.

Белгілі журналист Айдос Жұқанұлы Мәжілістегі Nur Otan партиясының мүшелеріне қатысты ұсыныс айтты, деп хабарлайды orda.kz

 Оның айтуынша, партияның барлық мүшесі мемлекеттік тілден емихан тапсыруы керек.

«Президентіміз Қ.Тоқаев «Партия мүшелері мемлекетшіл болуы тиіс» деген-ді. Қолдаймын! Қолдай отырып, қосымша ұсыныс айтамын: Мемлекетшіл адам мемлекеттік тілді білуге міндетті. Яғни мемлекеттік тілді білмейтін адам ешқандай да мемлекетшіл емес. Яки Мәжілістегі «Nur Otan» партиясының мүшелері Мемлекеттік тілден  емтихан тапсырғаны жөн», – деп жазды ол.

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса да бұл ұсынысқа қолдау білдіріп, өз ойын айтты.

«Тек «Нұротан» мүшелері ғана емес, депутаттардың бәрі мемлекеттік тілден емтихан тапсыруы тиіс!» – деп жазды депутат Facebook парақшасында.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары