$ 442.05  474.14  4.74

Сенат депутаты «Самұрық-Қазынаның» директорлар кеңесі құрған химиялық компанияның күмәнді екенін айтады

Жоғарыда аталған "Біріккен химиялық компания" жалпы 21 жобаны іске асырады деп жоспарланған болатын. Ал іс жүзінде алтауы ғана іске асырылды.
inbusiness.kz
inbusiness.kz

"Самұрық-Қазына" қоры директорлар кеңесінің шешімімен 2009 жылы "Біріккен химиялық компания" құрылды. Қазір оның тиімділігі күмән туғызады", - дейді Сенат депутат Әлімжан Құртаев. 

"Есеп комитетінің бағалауынша, химия саласындағы жобаларды іске асыратын ұйымдарды капиталдандыруға 349 млрд теңге бағытталды. Оның ішінде 73 пайызы, яғни 256 млрд теңге Ұлттық қордан қаржыландырылды. Жоғарыда аталған "Біріккен химиялық компания" жалпы 21 жобаны іске асырады деп жоспарланған болатын. Ал іс жүзінде алтауы ғана іске асырылды. Олардың екеуі шығынды жоба. Үш жоба – инфрақұрылымдық, бір жоба толық өндірістік циклға жатпайды және толық жұмыс істемейді", - дейді Сенатор. 
Оның айтуынша, химия саласындағы жобаларды басқару тиімділігі төмен деңгейде. Тиісті мемлекеттік органдарда "жүйелі жұмыс жоқ". 

"Бүгін химия өнеркәсібіне терең, сапалы талдау жасап, нақты бағыттарды анықтайтын уақыт келді. Осы саладағы барлық инвестициялық жобалар мұқият іріктелуге тиіс", - деді Әлімжан Құртаев. 

                                                                                                    inbusiness.kz


Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары