Қаңтарда құқық қорғау органдарына тәртіпсіздікке қатысушыларға қатысты азаматтарды заңсыз ұстау және жауапкершілікке тарту туралы 28 өтініш келіп түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысы террористік актілердің, жаппай тәртіпсіздіктердің және оларды ұйымдастырушылардың себептерін анықтау бойынша тергеуді Бас прокуратураға тапсырды. Осыған байланысты, осы санаттағы және олармен байланысты барлық қылмыстық істер арнайы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу топтарының өндірісіне берілді. Қазіргі уақытта ішкі істер органдарында 2 жарым мыңнан астам іс бар. Олардың негізгі бөлігі-ұрлық және тонау туралы істер (шамамен 65% немесе 1 791 іс). Қылмыс жасады деген күдікпен 893 адам қамауға алынды», - дейді ол.