$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда адамды арыққа лақтырып кеткен көлік жүргізушісі табылды (ВИДЕО)

Арыққа құлаған ер адамның қандай жарақат алғанын сот-медициналық сараптама анықтайды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Алматы полициясы адамды арыққа лақтырып кеткен көлік жүргізушісін тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Құқық бұзушының 1988 жылы туған ер адам екені анықталды.

"Мас ер адамды жол жиегінен арыққа итеріп жіберген көлік жүргізушісі анықталып, жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаменті баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз:  «Қызды арыққа лақтырып жіберген»: Алматыда көшелердің бірінде түсірілген жаға ұстатарлық видео таралды

28 жастағы азамат алған дене жарақаты туралы білу үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Істі Бостандық аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімі қарап жатыр.

Айта кетері, бұған дейін Алматыда көліктердің бірінің жүргізушісі ер адамды арыққа лақтырып жібергені туралы ақпарат пайда болды.

Алдында көпшілік жәбірленушінің қыз екенін айтты. Бұл әлеуметтік желіде резонанс тудырды.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы #арық