Жаңалықтар 22.11.2016 сағат 02:52

Мәжіліс депутатының ұлы Аслан Жақыпов тергеу біткенше қамауда отырады

288 миллион теңге пара алды деп айыпталған «Бәйтерек» холдингінің лауазымды топ-менеджерлері сот басталғанға дейін қамауда отыратын болды. Бүгін Астана соты осындай санкция берді деп хабарлады КТК телеарнасы.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Күдіктілердің қатарында Мәжілістің экс-спикері Қабиболла Жақыповтың ұлы да бар. Ұлттық холдингттің еншілес компаниясы «Байтерек DEVELOPMENT" төрағасының орынбасары Асан Жақыпов, атқарушы директорлар Бауыржан Әйтімбетов, Ғазиз Сариев сынды 8 адам ұсталған болатын. Олар «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша бөлінген бюджет ақшасын талан-таражға салған. Яғни, жалдамалы және несиеге берілетін баспаналарды салатын құрылыс компанияларын өз беттерінше таңдап, тек ауызбастырық бергендердің қызығушылығын қорғап келген. Жемқорлыққа қарсы бюроның мәліметтеріне сүйенсек, күдіктілер Орал, Көкшетау, Атырау, Ақтөбе, Тараз бен Талдықорғандағы 13 кәсіпкерден 288 миллион теңге пара алған.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар