Белгілі вайнер әрі КВН ойыншысы Әзімжан Саидбаевқа іздеу жарияланды. Тергеу соты танымал үш вайнерге – Мейіржан Төребаев, Азизжан Саидбаев және Мейірхан Шерниязовқа қатысты бұлтартпау шарасын санкциялады. Үшеуі де Қылмыстық кодекстің 217-бабы – «Қаржы пирамидасын құру және басқару» бойынша күдікті деп танылды.
Тағы оқыңыз: Қаржы пирамидасын құрды деп айыпталған танымал вайнер халыққа үн қатты
Тергеушілердің айтуынша, Төребаев, Саидбаев және Шерниязов «Mudarabah capital» қаржы пирамидасын жарнамалап қана қоймай, компанияның ортақ иелері ретінде тұрақты түрде табыс алып отырған.
Алматы полициясы ол туралы ақпаратты мына телефондар арқылы хабарлауды сұрайды: +7 701 758 67 60, +7 708 683 94 33 және 8 (727) 254 43 51.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.