Orda.kz редакциясын қаржы пирамидасы деп танылған Қайрат Құдайбергенов пен Mudarabah Capital компаниясының негізін қалаушы Руслан Бұрқановтың бірлескен суреті қызықтырып, Алматы мәжілісіне түсініктеме алу үшін жүгінді.
«Руслан – жүрегі кең адам. Ол мен өткізген барлық қайырымдылық шараларға: көп балалы аналарға көмектесуден бастап, Covid-19 карантині кезінде мұқтаждарға азық-түлік таратуға және Арыстағы жарылыс пен Мақтааралдағы су тасқыны кезінде зардап шеккендерге көмектесуге дейін үнемі қатысып отырды. Қашан да қолынан келсе адамдарға көмектесетін» дейді Қайрат Құдайбергенов.
Қайрат Құдайбергеновтің айтуынша, Руслан Бұрқановты пирамидаға екі тәжірибелі алаяқ: Алмас Құрманғалиев пен тағы бір құрылтайшы Ораз Әділет сүйреп апарған.
«Олармен кездескеннен кейін Руслан Mudarabah Capital туралы айта бастады. Ол мені инвестициялауға және акционер болуға шақырды, бірақ мен бірдеңе дұрыс емес екенін бірден түсіндім. Дүниедегі бірде-бір ұйым табыстылықтың мұндай пайызын бере алмайды. Тегін ірімшік тек қақпанда ғана болады. Мен оның қаржы пирамидасына ұқсайтынын бірден айттым. Бірақ Әділет Ораз оның басын айналдырып алған. Ол онымен бір-екі ай ғана таныс болса да, «ол менің ағам! Ол өтірік айтпайды!» деп оған шаң жуытпайтын. Мені былай қойғанда, Руслан біреуді алдағысы келді деп ойламаймын» дейді Қайрат Құдайбергенов.
Мәжілісмен Руслан Бұрқановтың отбасына «мүмкіндігінше» қаржылай көмектесетінін атап өтті. Оқиғадан кейін инсульт алып ауруханаға түскен енесіне күдіктінің әйелі қамқорлық жасап жатыр.
«Мен Русланға қарызды жабуға көмектескім келеді, бірақ 2 млрд деген үлкен сома. Әсіресе, қазір тергеу органдары пирамидаға салынған қаражаттың ізін қалпына келтіріп жатыр. Яғни, ақша қайда жіберілді. Тергеу бұл істі жан-жақты тексеруі қажет. Ақырында, біздің фискалдар Qnet және осы тектес 49 басқа ұқсас қаржы пирамидаларымен күресе бастады. Олар қазір тыныш жұмыс істеп, сенгіш адамдарды алдап жатыр» деп түсіндірді Құдайбергенов.
2020 жылы Руслан Бұрқанов тендерлерге қатысу үшін инвестиция тартумен айналысатын Mudarabah Capital компаниясын ашты. Astex ұйымы оның серіктесі болды. Бұрқановтың айтуынша, Mudarabah Capital «Astex» ЖШС-ға инвестиция тартып, тендерлермен де айналысады.
2021 жылдың сәуір айында зардап шеккен салымшылар полицияға ұжымдық арыз жазды. Олар «Astex» ЖШС мен «ACD Technology» ЖШС басшыларының үстінен шағымданып, оларды пирамидалық схема деп атады. Mudarabah Capital арқылы Astex-ке барлығы 160 инвестор екі миллиард теңгеден астам қаржы тартты.
2021 жылдың сәуір айында алматылық Сәкен Нұрахметов блогерлердің бірінің әлеуметтік желідегі парақшасында Mudarabah Capital ұсынатын «пайдалы исламдық инвестициялар» туралы айтқан видеоны көрді. Жарнамалық роликте бірден үш вайнер түсті: Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Әзімжан Саидбаев. Белгілі болғандай, үшеуі де Mudarabah Capital компаниясының негізін салушылар.
Мейіржан Төребаев Orda.kz тілшісіне қаржы пирамидасы ретінде танылған Mudarabah Capital-ға сенетінін, өйткені ол жерде достары бар екенін және режиссер Руслан Бұрқановты бұрыннан танитынын айтты. Ол 3 млн кепілді әлі төлемегенін атап өтті.
Бүгін, 11 ақпанда Әзімжан Саидбаевқа іздеу жарияланды. Orda.kz ақпарат көзі күдіктінің елден шығып кеткенін, болжам бойынша Өзбекстанда екенін хабарлады.