$ 448.15  483.46  4.86

Өскемендік компания 5 миллион теңгелік дәретханаларға қатысты түсініктеме берді

Бұл мекеме өткен жылдың соңында 6 дәретхананы 30,5 миллион теңгеге сатып алған. Бұл дәретханаларда унитаз жоқ. Осыған ұқсас бірнеше орындық дәретханаларды нарықта 2 миллион теңгеге табуға болады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Жуырда әлеуметтік желілерде өскемендік кәсіпорын сатып алған 5 миллион теңгелік дәретханалар қызу талқыланған болатын. Осыған орай облыс әкімдігіне қарасты «Таза Өскемен» КМК басшылығы түсініктеме берді деп жазды turkystan.kz.

Бұл мекеме өткен жылдың соңында 6 дәретхананы 30,5 миллион теңгеге сатып алған. Бұл дәретханаларда унитаз жоқ. Осыған ұқсас бірнеше орындық дәретханаларды нарықта 2 миллион теңгеге табуға болады.

«Бұл жерде әңгіме соңғы автобус аялдамаларында және қоғамдық орындарда орнатылатын стационарлық жайлы дәретхана модульдеріне қатысты болып отыр. Бұл біздің тасымалдаушыларымыздың, жүргізушілер мен кондукторлардың өтініші бойынша жасалған шара. Мемлекеттік сатып алу өтіп,  тауар жеткізілді. Бірақ модульдерді монтаждау сапасы бойынша бірқатар ескерту жасалды. Сондықтан төлем әлі жүргізілген жоқ. Қазір инженерлік желілердің иелерімен келісу жүріп жатыр. Осындай дәретханалар Славский атындағы жағалаудағы Коменданткада орнатылған. Енді соңғы аялдамаларға, одан кейін 19-шағынаудандағы аллеяға стационарлық дәретхана орнатуды жоспарлап отырмыз», – дейді «Таза Өскемен» КМК басшысы Нұрлыбек Шерубаев.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары