13.02.2022, 10:20

Морозов UFC-дегі үшінші жекпе-жегінде екінші рет жеңілді

Tengrinews.kz
Үш раундқа есептелген кездесу екінші раундтың соңында аяқталды.

Аса жеңіл салмақтағы қазақстандық файтер Сергей Морозов (17-6) UFC-дегі үшінші жекпе-жекте екінші рет жеңілді. Хьюстонда (Техас, АҚШ) өткен UFC 271 турнирінде 32 жастағы ақтөбелік спортшы алдын ала кардта өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kzсайтына сілтеме жасап. 

Морозовтың қарсыласы америкалық промоушенде оныншы жекпе-жегін өткізген 36 жастағы бразилиялық Дуглас Силва де Андраде (28-4-0-1) болды. Үш раундқа есептелген кездесу екінші раундтың соңында аяқталды, Дуглас Морозовты артынан қылқындырып, жеңіске жетті.

Силва де Андраде үшін бұл қатарынан екінші жеңіс. Енді оның UFC-дегі есебінде төрт жеңіліс, алты жеңіс бар. Алайда ол карьерасында екінші рет қана сабмишенмен жеңіп отыр. 

Морозовқа келетін болсақ, ол өткізген үш жекпе-жекте екінші рет сәтсіздікке ұшырады. Ол былдытр қаңтарында ресейлік Омар Нурмагомедовтан (13-0) жеңілген болатын. 

Еске салайық, турнирдің басты жекпе-жегінде титулдық реванш болады, орта салмақтағы қазіргі чемпион Исраэль Адесанья (21-1) мен белбеудің экс-иегері Роберт Уиттакер (23-5) кездеседі.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Тегтер: UFC