$ 494.87  520.65  4.91

Жаппай тәртіпсіздік кезінде Төреғали Төрәлінің әкесінің көлігі өртеніп кеткен

Аласапыран болып жатқанда олар Әзербайжан елінде жүрген.
Фото: Tengrinews.kz
Фото: Tengrinews.kz

Танымал әнші, ақын Төреғали Төреәлі қасіретті қаңтар оқиғалары кезінде белгісіз біреулер әкесі Төреәлі Әлихановтың көлігін өртеп кеткенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әнші тәртіпсіздіктер кезінде Әзербайжанда болғанын айтты. 

"Қаңтардағы қақтығыс кезінде әкемнің көлігі әуежайда қалып қойған еді. Аласапыран болып жатқанда біз Әзербайжан елінде жүргенбіз. Көлігі өртеніп кетсе де, көңілі елді ойлап алаң болған еді. Сонда, "дүние жүрегіне кірмеген екен ғой" деп қуанғаным рас", - деп жазды әнші Instagram-да.

Десе де күні кеше Төреәлі Әлихановқа қызы мен күйеу баласы су жаңа көлік сыйлапты. 

"Кеше ғана Қосбатыр атаны алып (қайын атасы) кіші қажылыққа барып келіңдер деп "Умраға" жолдама сыйлаған ғой әкем. Көп ұзамай Дархан (күйеу баласы) осындай керемет көлік сыйлап жатыр.

"Атаңа не қылсаң алдыңа сол келеді". Сүйеу болар осындай күйеу балалар баршамызға жұғысты болсын ағайын!" - деді әнші.

Айта кетейік, жаңа көліктің моделі Lexus 570 Black Vision. Фариза Төреәлі оны "ең соңғы модель" деді. Кolesa.kz сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, бағасы 65 миллион теңгеден басталады. 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары