$ 444.22  476.38  4.82

Ғажайыптың күшімен аман қалды: Ақтөбе облысындағы апатта көлік қақ бөлінді

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды. ВАЗ маркалы жеңіл көлік қақ ортасынан бөлініп кетті, деп хабарлайды Sputnik.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, 13 ақпан күні "Самара-Шымкент" тасжолының 705 шақырымында "ВАЗ-2144" маркалы автокөліктің жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып, Opel Vectra-мен соқтығысқан.

"Жол апаты кезінде ВАЗ автокөлігі қақ айырылды. "Opel Vectra" жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақатпен Ақтөбе қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасына жатқызылды", - дейді полицейлер.

Ал ВАЗ көлігінің жүргізушісі дін аман. Тәртіп сақшыларының айтуынша, оған ештеңе болмаған.

Полиция департаменті қала мен аудандардан тыс жерлерге шығу кезінде жол қозғалысы ережелері мен метеорологиялық жағдайды ескеру қажеттігін еске салды.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары