$ 494.87  520.65  4.91

«Сергек» камераларынан түсетін қаржы көлемі белгілі болды

Алматының жүргізушілері жол қозғалысы ережесін 1 млн 312 мың рет бұзған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Алматы қалалық полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы бір жылда «Сергек» камераларынан бюджетке қанша қаржы түскенін мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Алматының жүргізушілері жол қозғалысы ережесін 1 млн 312 мың рет бұзған.  

«2021 жылы жалпы сомасы 9 млрд 373 млн 600 мың теңгені құрайтын 1 млн 312 мың құқық бұзушылық тіркелді», – деп хабарлады басқармада.

Сондай-ақ жол полициясы Алматы жолдарында ең жиі кездесетін заң  бұзушылықтарды атады.  

«Алматы қаласында Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін бұзудың жиі кездесетін түрі ӘҚБтК-нің 601-бабының 1-бөлігінде көзделген жол белгілерінде немесе жолдың жүру бөлігінде көрсетілген таңбаларды сақтамау», - деп хабарлады басқармада. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары