Бүгінде Қытайда қысқы ақ олимпиада өтіп жатыр. Өкінішке қарай, Қазақстанның қоржынында әзірге жүлде жоқ. Осы орайда Қазақстанның ұлттық олимпиада комитеті спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов айтулы жүлдеге қатысты мән-жайды түсіндіріп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Әрине, спортшыларымызға патриоттық сезім туралы үнемі айтып отырамыз. Жалпы қысқы спорт түріне келсек, бізде 2 кешен бар. Бірі Алматыда, екіншісі Щучинскіде. Жалпы айтқанда, қысқы спорт түрі мен әр алаңның өзіндік қыр-сыры бар. Яғни спортшы сол жерге барып дайындалмаса болмайды. Демек отандық спортшылар шетелге жиі шығып, дайындалуы тиіс», - деді Елсияр Қанағатов Бейжіңнен тікелей эфирде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, Бейжің олимпиадасынан кейін ұлттық құраманың өнер көрсетуіне қатысты қорытынды жасалады.
«Қысқы олимпиадаға 91 мемлекет қатысып отыр. Соның ішінде біздің мемлекет айтарлықтай нәтиже көрсетуде. Айтар болсақ, фристайлдан қыздарымыз қандай секірулер жасады. Оны өздеріңіз көрдіңіздер», - дейді ол.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.