Алматы қалалық полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы бір жылда «Сергек» камераларынан бюджетке қанша қаржы түскенін мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Алматының жүргізушілері жол қозғалысы ережесін 1 млн 312 мың рет бұзған.
«2021 жылы жалпы сомасы 9 млрд 373 млн 600 мың теңгені құрайтын 1 млн 312 мың құқық бұзушылық тіркелді», – деп хабарлады басқармада.
Сондай-ақ жол полициясы Алматы жолдарында ең жиі кездесетін заң бұзушылықтарды атады.
«Алматы қаласында Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін бұзудың жиі кездесетін түрі ӘҚБтК-нің 601-бабының 1-бөлігінде көзделген жол белгілерінде немесе жолдың жүру бөлігінде көрсетілген таңбаларды сақтамау», - деп хабарлады басқармада.