Ақмола облысында жұмысшының өліміне әкеліп соққан, еңбекті қорғау ержесінің бұзылуына қатысты тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қайғылы жағдай ақпанның 16-да Заводской кентіндегі тау-кен металлургия зауытының аумағында орын алды. Сағат 16:30 шамасында үгіту аппаратына биг-бэг қабына тиелген салмағы 1,5 тоннаға жуық руданы түсіру кезінде ілмек үзіліп, «SARECO» ЖШС-нің 36 жастағы жұмысшысының үстіне құлағаны анықталды. Ер адам оқиға орнында көз жұмды», - деді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына аумақтық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Қазіргі уақытта аталған осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 156-бабы 3-бөлігі (еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, тиісті сараптама тағайындалды.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.