$ 444.32  473.33  4.76

Томиристі сомдаған Альмира Тұрсын ислам дінін ұстанбайтынын айтты

Бұған дейін актриса өгей әкесінің ұлты корей екенін айтқан еді.
Фото: ашық дерекөзден
Фото: ашық дерекөзден

Осыдан жиырма жыл бұрын Альмира Тұрсын анасымен бірге протестанттық бағыттағы христиандықты қабылдаған, деп хабарлайды sputnik.kz.

Қазақстандық актриса Альмира Тұрсын жеке парақшасының жазылушыларына ислам дінін ұстанбайтынын мәлімдеді.

Бұған дейін актриса өгей әкесінің ұлты корей екенін айтқан еді. Осыдан кейін Альмира Тұрсынның жазылушылары өнер жұлдызы қандай дінді ұстанатынын және бұл мәселеде әкесінің ықпалы болды ма деп сұрады. 31 жастағы актриса өз дінін анасымен бірге өгей әкесі отбасына келмей тұрып таңдағанын мойындады.

"Протестанттық бағыттағы христиан діні жүрегіме және жаныма жақын. Бұл менің жеке, саналы таңдауым", - деді актриса.

Сондай-ақ ол барлық дінге төзімділікпен қарайтынын және әр адамның таңдауын құрметтейтінін атап өтті.

Бұдан бөлек, әлеуметтік желідегі жеке парақшасындағы "сұрақ-жауап" айдарында әртістен оның ұлты жайлы жиі сұрайды. Альмира Тұрсын қазақ екенін айтып, бірақ тұқымында татарлар мен еврейлер болғанын жасырмады. Сонымен қатар ол күйеуімен ажырасқанын және бір ұлы бар екенін мәлімдеді.

Альмира Тұрсын қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың "Томирис" фильмінде сақ патшайымын сомдап, танымал болды.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары