22.02.2022, 12:40

«Bek Air» ұшақ апаты: тергеу екі жылдан соң аяқталды

Осыдан екі жыл бұрын Алматы маңында құлаған Bek Air ұшағының апатына қатысты тергеу аяқталды.
Осыдан екі жыл бұрын Алматы маңында құлаған Bek Air ұшағының апатына қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik.kz.   Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында журналистер министрден Bek Air ұшағының құлауына қатысты тергеу қорытындысы қашан жарияланатынын сұрады.   "Bek Air-ге қатысты тексеру жұмыстары аяқталды. Қазір олар тізім дайындап жатыр. Жақын арада жарияланады", - деп жауап берді Өскенбаев.   Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.