Жанармай және дизель отынының құны тамыз айының соңына дейiн өзгерiссiз сақталады, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР мұнай және газ министрi Ұзақбай Қарабалин мәлiм етті.
— 1 тамыздан бастап бензин және дизельдiк отын бағасы өзгермейді және ай соңына дейiн сақталып қалады, — дедi министр.
Оның айтуынша, ЖЖМ бағасын түзету мәселесi ай сайын талқыланып жатыр.
— Бұл мәселе үкiмет отырысында, ведомствоаралық комиссия және өзге де отырыстарда, ТМРА, Экономика министрлiгiнде де, бізде де кеңінен талқыланып келеді. Десек те, бензин құнының қымбаттамай жатқанын көрiп отырсыздар. Ол қалыпты түрде сақталып отыр, — деп толықтырды Ұ.Қарабалин.