$ 444.22  476.38  4.82

Қашағанның іске қосылу мерзімі 2016 жылдан да ары кетуі мүмкін

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мұнай және газ министрі Қашағанда мұнай өндірілетін мерзімді атады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

— Бүгінгі күні Қашағанға байланысты жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының сценарийі мен өнім өндіруді қалпына келтірудің бірқатар болжамы жасалып отыр. Жалпы бізде екі нұсқа бар. Оның ішінде оптимистік бағыт бойынша кен орнындағы мұнай игеру 2016 жылдың бірінші жартыжылдығына тура келеді. Ал екінші нұсқаға, газ құбырының толық құрылысын аяқтауды есепке ала отырып жүгінсек, 2016 жылдың екінші жартысына дөп келуі мүмкін, — деді министр.

Оның айтуынша, бұл нақты дата емес, мәліметтер өзгеруі мүмкін

— Мердігерлердің құбырдың ішкі жағына жасаған диагностикасы мұнай және газ құбыры толығымен ауыстыруды қажет ететіндігін анықтады. Ал екі құбырды толығымен ауыстыру, сондай-ақ, оны төсеу жұмыстары үшін қосымша 200 шақырымдық құбырлар сатып алу керек, — деп толықтырды министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары