$ 494.87  520.65  4.91

Air Astana басшысы Киевте қалып қойды

Ол қазақстандық азаматтарды барлық мүмкін тәсілмен эвакуациялауға жауапты екенін жеткізді, деп жазды әйелі Татьяна Фостер.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бүгінде Ресей әскерлері қаланы бомбалап жатыр. Қазақстандықтарды эвакуациялауға қатысу үшін Украинаға барған Air Astana әуе компаниясының президенті Питер Фостер Киевте қалып қойды. Бұл туралы оның әйелі Татьяна Фостер айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ол күйеуінің оған Украинаға ұшатынын бірден айтпағанын, тек Ақтауға 2 күнге іссапарға баратынын жеткізген.

"Бүгін таңертең Петр маған қоңырау шалып, қарлыққан дауыспен Киевте екенін, бұл ақпаратты менен жасыруға мәжбүр болғанын айтты. Ол қазақстандық азаматтарды барлық мүмкін тәсілмен эвакуациялауға жауапты екенін жеткізді", - деп жазды Татьяна Фостер Instagram-дағы жеке парақшасында.

Татьяна Фостер оның күйеуі мен жердегі қызмет жөніндегі вице-президент Александр Небога екеуі таңғы сағат 5.00-те Киевті бомбалау басталған кезде Украиндағы Қазақстан елшілігінде болған. Бориспольді қосқанда, барлық әуежайдың жабылуына байланысты Қазақстан азаматтарын Польшадағы Катовица қаласынан ұшуын ұйымдастыру туралы шешім қабылданған.

Тағы оқыңыз: Украинадағы Қазақстан азаматтары елге Польша арқылы қайтарылады

"Эвакуация штабын Польшамен шекараға жақын және Киевтен гөрі қауіпсіз Львовта ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. Онда эвакуацияланатын адамдардың тізімі жасалып, қазақстандық паспорты барларға Польшадағы шекарадан өтуге мүмкіндік беретін дәлізді ұйымдастыру бойынша келісім жұмыстары жүргізілуі керек болған", - деді Питер Фостердің әйелі.

Ол бұл жұмысты нәтижелі жүргізу үшін Қазақстанның Украина мен Польшадағы елшілері бар күш-жігерін салып жатқанын атап өтті.

"Күйеуім қайта қоңырау шалды. Мен есеңгіреп қалдым. Киевтен Львовқа жету үшін 3 сағат жол жүргенін айтты. Олар жолды қысқартамыз деп айналма жолға түскен. Бірақ олардың алдынан Киевке бара жатқан ресейлік танктер мен бронетранспортерлер легі шыққан. Бұл жағдай Киевтен 20 шақырым жерде болған. Бұл Украина астанасынан 3 сағаттық жер. Питер Киевке оралуға шешім қабылдаған. Бүгінде ол Александрмен бірге Қазақстан елшілігінде, яғни елшіліктің жертөлесінде отыр. Жақында маңда әскери әуежай үшін шайқас болып жатыр", - деді Татьяна Фостер.  

Ол оқиғаның жалғасын ертең айтатынын атап өтті.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары