Украинаның Харьков, Луганск, Сумы облыстарымен шектесетін Белгород облысында ресейлік әскерилер арасында бүлік шықты.
Бұл туралы украиналық «Оbozrevatel» сайты хабарлайды.
Украинаға жөнелту үшін асығыс жиналған 5 мыңға жуық келісім-шарт бойынша әскери сарбаздар соғысқа барудан бас тартты. Ресми түрде бүлікші сарбаздар Украинадағы соғыс қимылдарына қатысудан бас тартуын олардың келісім-шарттарында қарастырылмағанымен дәлелдейді.
«Біздің дереккөздерге сәйкес, ресейлік әскерилерді билік тарапынан қылмыстық қудалауға ұшырау қаупіне мәжбүрлейтін нақты себеп – қорқыныш. Ресейдің әскери қызметкерлері Украина Қарулы күштерінің кәсіпқойлығына және украиндық жауынгерлердің Ресейдің Украинаға жіберген РФ Қарулы күштеріне және басқа да күш құрылымдарына келтірген орасан зор шығыны мен техникасы мен адам күшіне қатты таң қалды» деп хабарлайды Оbozrevatel.
Украина қорғаныс министрлігінің мәліметінше, үш күнге жетпей Украина аумағында 3,5 мыңнан астам ресейлік сарбаз қаза тапты. Көптеген ұшақтар мен әскери техника, соның ішінде танктер жойылған.
Еске салсақ, Ресей президенті Владимир Путин Донбас республикалары басшыларының үндеуіне жауап ретінде арнайы әскери операция жүргізу туралы шешім қабылдап, Украинаға қарсы соғыс жариялады. Ресей басшысы Мәскеудің жоспарында Украина аумақтарын басып алу жоқ екенін баса айтты.