$ 449.58  486.94  4.86

Қарағандыдағы базарда өрт шығып, үш дәмхана өртенді (ВИДЕО)

Қазір өрттің шығу себебі анықталуда.

Облыстық төтенше жағдай жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі Қарағанды қаласындағы «Алтын-Арба» базарының аумағында өрт шыққанын хабарлады деп жазды turkystan.kz.

28 ақпанға қараған түні, сағат 01.03-те Затаевич көшесінің бойында орналасқан нысандардың бірінде өрт шыққан. Белгілі болғандай, базар аумағындағы үш фаст-фуд дәмханасын жалын шарпып, ағаш қаптама, жылытқыш, жиһаз, құрал-жабдықтарға зақым келген.

Оқиға орнында төтенше жағдай жөніндегі департаменттің 52 қызметкері мен 15 арнайы техникасы жұмылдырылды. Өрт сөндірушілердің ортақ қимылының нәтижесінде 500 шаршы метр аумақты зақымдаған от бір сағаттың ішінде толық сөндірілді.

Абырой болғанда, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары