Алматы маңында тауға шықпақ болған ер адам көз жұмды, деп хабарлады ТЖМ республикалық жедел-құтқару жасағы.
Екі ер адам Проходное шатқалына барған. Вольчья гора жақта жоғары көтеріле берген кезде біреуі есінен танып қалған. Жанындағы ер адам құтқарушыларды шақырды.
"Құтқарушылар оқиға орнына келген кезде 60 жастағы ер адам есінен танып жатты. Құтқарушылар оны таудан шығарып, медициналық апат орталығының қызметкерлеріне тапсырды. Дәрігерлер пациент өкпе артериясы тромбоэмболиясынан көз жұмғанын анықтады", - делінген хабарламада.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.