$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбеде жаңа туған нәрестені туған анасы мен нағашы әжесі саудаға салған

Ағымдағы жылдың 29 шілдесінде Ақтөбе облысы ІІБ ҰҚҚКБ қызметкерлері 24 жастағы жас ананы жаңа туған баласын жеке күнкөріс мақсатында сатпақшы болған жерінен қолға түсірді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Ақтөбе облысы ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, келісімді қыздың анасы, яғни, нәрестенің нағашы әжесі жүргізген. Ол қызының босануы алдында, яғни 2014 жылдың мамырынан бастап болашақ баланы алатын клинет іздеген және өтемақы ретінде Ақтөбе қаласынан 2 бөлмелі пәтер талап еткен.

Бірнеше кездесуден және телефон арқылы сөйлескеннен кейін күдікті баланы 1 млн.600 мың теңгеге сатуға келіскен.

Сөйтіп, 27 шілде күні 24-жастағы келіншек Ақтөбе қаласы МЖЖА босану бөлімшесінде қыз баланы дүниеге әкелген. Одан кейін нағашы әже баланы ауруханадан шығарған кезде ақшаны бірден беруді талап еткен.

29 шілдеде аталған қылмыстың кейіпкерлері баланы және 8 мың 800 АҚШ долларын беріп жатқан жерінде қолға түсті. Санкцияланған тінту барысында ақша және босанған әйелдің атына берілген құжат тәркіленді.

Қазіргі таңда ювенальдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп жаңа туған баланы «Үміт» балалар үйіне беру мәселесі шешіліп жатыр.

Күдіктілерге қатысты қамау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды және ҚР ҚК 133-бабы 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары