04.03.2022, 00:00

Қазақстан Украинадағы қалып қойған жүк көліктерін өткізу үшін Польшадан көмек сұрады

inform.kz
Тараптар Ресей Федерациясы мен Украина Республикасы арасындағы қазіргі төтенше жағдайдың нәтижесінде жүк тасымалы саласында туындаған жағдайды талқылады.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму Вице –министрі Берік Камалиев пен Польша Республикасының инфрақұрылым және құрылыс министрі Анджей Адамчик телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрлікке сілтеме жасап.

Тараптар Ресей Федерациясы мен Украина Республикасы арасындағы қазіргі төтенше жағдайдың нәтижесінде жүк тасымалы саласында туындаған жағдайды талқылады.

Вице-министр Украинаның Беларусь, Ресей және басқа елдер шекарасында тұрып қалған 56 жүк көлігі жүк көлігіне қатысты алаңдаушылық білдірді және кейбір көлік жүргізушілері Польша аумағына бағыт ұстайтынын айтты.

Осыған байланысты, вице-министр Польша министрінен көлік құралдарының одан әрі маршрут бойынша жүру және кейіннен Қазақстанға оралу үшін Польша аумағы арқылы оларға кедергі келтірмей өтуіне көмек көрсетуді сұрады.

Өз кезегінде инфрақұрылым және құрылыс министрі Анджей Адамчик автокөлік құралдарын кедергісіз өткізу мүмкіндігін қарастыруға келісті және толығырақ ақпарат жіберуді сұрады.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Тегтер: РесейУкраина