07.03.2022, 21:20

Елімізде кейбір кинотеатрлар жабыла бастады

Kinopark-Kinoplexx компаниясы 1 сәуірден бастап белгісіз мерзімге жабуға мәжбүр болады.

Kinopark-Kinoplexx кинотеатрлар желісі белгісіз мерзімге жабылатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Өкінішке қарай, Ресей арқылы жұмыс істейтін Голливудтың ірі компаниялары бізге кино ұсынудан бас тартып жатыр. 1 сәуірден бастап бізде көрсететін ештеңе жоқ. Сондықтан Kinopark-Kinoplexx компаниясы 1 сәуірден бастап белгісіз мерзімге жабуға мәжбүр болады. Өкінішті, бірақ расы сол", - деді кинотеатрлар желісінің жетекшісі Алмаз Малдыбаев.

2021 жылдың соңында Kinopark-Kinoplexx біріккен желісі жалпы сыйымдылығы 18 684 орындық 25 кинотеатрды басқарды.