$ 444.22  476.38  4.82

Павлодарда жаттықтырушы биіктен құлап кетті: Спорт кешені оқиғаға қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)

Жаттығу барысында доп екінші қабатқа, жаттығу залының шатырына ұшып кеткен.

Павлодарда "Павлодар-сити" спорт кешенінде жаттықтырушы шамамен үш қабатты үйдің биіктігінде орналасқан футбол манежінің бақылау кабинасынан құлады. Оқиғаны спорт кешені растап, бұл туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz.  

"Спорт-сити" манежінде Ақсу футбол орталығы командасының жаттығуы өтті. Жаттығу барысында доп екінші қабатқа, жаттығу залының шатырына ұшып кеткен, – деді "Ертіс" балалар мен жасөспірімдерге арналған мамандандырылған олимпиадалық резерв мектебінің директоры Рахметулла Қасқырбаев.

Футбол орталығының әкімшісі жаттықтырушыдан допты алуды өтінген. Негізінен мұнда бөгде адамдардың кіруіне тыйым салынған. Олар саты қойып, шатырға көтерілген. Доп тұрып қалған шахта аспалы төбе жабынымен жабылған, ол екі бөренеге бекітілген екен.

Жаттықтырушы сол бөренемен жүріп, аяғы тайып, екінші қабаттан, шамамен алты метр биіктіктен баспалдақ аралығына құлаған болуы керек. Жаттықтырушы ешқандай кабинкаға көтерілмеген.

Ол қазір жабық бөлмелерге бөтен адамның кірмеуін қадағалайтын техникалық қызметкердің әрекетіне қатысты қызметтік тексеріс жүріп жатқанын хабарлады. Жауапты адамдар жазаланады. Ақсу футбол орталығы және футбол манежі теңгерімінде тұрған "Ертіс" мектебінің жаттықтырушы құрамымен нұсқаулық жүргізілетінін мәлімдеді.

Қасқырбаев футбол манежінде жаттығатын балалардың ата-аналары ғимараттағы жарықшақтарға қатысты наразылық білдірді деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты.

"Нысан 2019 жылы пайдалануға берілді. Оның жай-күйінде мін жоқ. Құрылысшыларға еш наразылық жоқ. Мұнда 28 градус температура даладағы аязға қарамастан тұрақты сақталып келеді. Желдету жүйесі жұмыс істеп тұр", - деді Қасқырбаев.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиеваның мәліметінше, зардап шеккен азамат Павлодардағы 1-қалалық аурухананың жарақат бөліміне жеткізілген. Оған жабық бассүйек-ми жарақаты, мидың шайқалуы, омыртқаның бел бөлігінің компрессиялық сынуы сынды диагноз қойылды. Науқастың жағдайы орташа ауыр деңгейде және қанағаттанарлыққа жақын, ол есін біледі және сөйлесе алады.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары