$ 446.49  475.38  4.79

Голливуд Қазақстанға санкция жариялады ма?

Қазақстандық кинотеатрлардың жабылуына ешқандай объективті себеп жоқ.

Голливуд әзірге Қазақстанға қарсы санкция жарияланған жоқ. Бұл туралы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Шүкенов мәлімдеді,  деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Спикердің айтуынша, Голливуд киностудиялары өз фильмдерін Қазақстанда көрсетуді тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған жоқ.

"Голливудтық компаниялардың ешқайсы Қазақстанға санкция жариялаған жоқ. Яғни, әлі ешкім ресми түрде қазақстандық кинотеатрларда голливудтық фильмдерді прокаттаудан бас тартпады", - деді Шүкенов.

Сонымен қатар, ол Kinopark және Kinoplexx Theatres кинотеатрлар желісінің басшысы Алмаз Меңдібаевтың мәлімдемесі туралы пікір білдірді.

"Қазақстандық кинотеатрлардың жабылуына ешқандай объективті себеп жоқ. Дегенмен, Kinopark желісінің неге жабылу туралы шешім қабылдағанын білмеймін. Менің ойымша, біз білмейтін шикілік бар", - дейді Шүкенов.

Еске салайық, кеше Kinopark-Kinoplexx кинотеатрлар желісі белгісіз мерзімге жабылатынын мәлімдеді. 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары