$ 444.22  476.38  4.82

Қазақстанда 5G қашан іске қосылады?

5G 2023-2024 жылдары облыс орталықтарында істей бастайды. Алайда, ауылдарға тартылмайды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Қазақстанда 5G қашан іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Біз 5G технологиясын енгізу бойынша жұмыс жүргіздік, тестілеу өтіп жатыр. Биылғы жылдың соңына дейін республикалық маңызы бар қалалар – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент шаһарларында іске қосамыз. 2023-2024 жылдары – облыс орталықтарында істей бастайды. Біз 5G-ді ауылдарға тартпаймыз, - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек

Бұған дейін ол Қазақстанның қай өңірінде интернет нашар екенін айтқан болатын.

Айта кетейік, Мәжіліс отырысында депутаттар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне байланыс, интернет сапасының нашарлығы үшін операторларға салынатын айыппұлды ұлғайту бойынша түзетулерді мақұлдаған болатын.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары