$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақстан әскері әлемде болып жатқан сын-қатерлерге дайын емес» - депутат

Қазақстан мен Ресейдің экономикасы бір-бірімен тығыз байланысты.

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Ресей мен Украина арасындағы соғыста еліміз "соңына дейін" бейтараптылықты сақтап тұруы қажет деп санайтынын жеткізді. Сондай-ақ ол мұндай жағдай елімізде орын алған күнде Қазақстан әскерінің дайындығына күмән келтірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Депутаттың айтуынша, Қазақстан әскері қазіргі әлемде болып жатқан сын-қатерлерге дайын емес.

"Қазақстан соңына дейін бейтараптылықты сақтап қалуы керек. Әлде ерікті болып барғыларыңыз келеді ме? Ресейдің джиһад жариялағанын қалайсыз ба? Өз өзіңізге мына сұраққа жауап беріңізші: миллиондаған адамдардың босқындар лагерінде тұрып, Өзбекстанға немесе Қырғызстанға қашуын немесе біздің қалалардың бомбаның астында қалғанын қалайсыз ба? Басқаны айтпай тұрып, қазақстандықтар өз шаңырағына 20 туысын кіргізуге дайын ба? Біздің әскеріміз дайын ба? Мен біздің әскердің ахуалы қазіргі әлемде болып жатқан сын-қатерлерге дайын емес деп есептеймін. Қаңтардағы оқиғалар көп шындықтың бетін ашып берді", - деді Сарым мәжіліс алаңында журналистердің сауалына жауап беріп тұрып.

Депутат қазақстандықтардың жеке пікірлерін еркін айта алатынын атап өтті. Бұған дейін Алматыда мыңдаған қазақстандық Украинаны қолдап, бейбіт митинг өткізген. Бірақ ресми тұлғалар жанжалға түскен екі елдің біріне жанашырлық танытпау қажет деп санайды Сарым.

"Ешбір адам Украинада да, басқа елде де, оның ішінде Қазақстанда соғыс болғанын қаламайды. Бірақ шенеуніктердің жағдайды ушықтыруға құқығы жоқ. Ресми органдардың ұстанымы мен қарапайым азаматтардың ұстанымы екі жақты қаратырылады", - деп қосты ол.

Қазақстан мен Ресейдің экономикасы бір-бірімен тығыз байланысты, бірлесе жұмыс істейтін кәсіпорындар да аз емес. Қазақстанда 3 миллионнан астам орыс ұлты тұрса, Ресей аумағында 1 миллионға жуық қазақ тұрады. Сол себепті екі елдің арасындағы байланысты үзу мүмкін емес, деп қосты Сарым.

"Менен ылғи Қазақстан Ресейдің ықпалынан қашан құтылады деп сұрайтын. Мен жауабым әрқашан біреу – ешқашан. Өйткені біз көршіміз және біздің экономикамыз бір-бірімен өте тығыз байланысты. Сауданың төрттен бірі Ресей арқылы келеді, сол себепті біз ешқашан құтыла алмаймыз. Біз басқа да әрекеттерді жасай аламыз, қосымша шаралар қабылдап, биржадағы сауданы шектеу арқылы тәуелділікті сәл болса да азайта аламыз", - деді депутат.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары