$ 498.34  519.72  4.85

Украинадағы қазақстандықтарды алып келуге төртінші ұшақ жіберілді

Украинадан қазақстандықтарды эвакуациялау үшін төртінші ұшақ жолға шықты.
Украинадан қазақстандықтарды эвакуациялау үшін төртінші ұшақ жолға шықты, деп хабарлайды Sputnik.kz.
 
Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, төртінші репатриациялық рейс Атырау әуежайынан Польшаның Катовице қаласына Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 16:02-де ұшып шықты. Ұшақ Катовицеге сол жердің уақыты бойынша 16:26-де жетеді.
 
Айта кетері, бұған дейін 28 ақпанда Украинадағы қазақстандықтардың алғашқы легі жеткізілді. Алғашқы рейспен 169 ересек, 6 бала елге оралды.
 
1 наурызда Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтар мінген екінші рейс Нұр-Сұлтанға жетті. Ол рейспен 120 ересек және 4 бала елге оралды.
 
Үшінші рейс 4 наурызда орындалды. Бортта 131 адам болды, оның 20-сы бала.
 
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары