11.03.2022, 16:20

«Мұғалімдерді қара жұмысқа салып жатыр»: Ақмола облысындағы мектептен шу шықты (ВИДЕО)

Фото: ашық дереккөз
Бейнежазбада оқытушылардың екі қолға бір күрек алып, қара жұмысты істеп жатқанын көруге болады.

Ақмола облысындағы Қызылжар ауылының орта мектебінен шу шықты деп хабарлады turkystan.kz.

Бейнежазбада оқытушылардың екі қолға бір күрек алып, қара жұмысты істеп жатқанын көруге болады. Мұғалімдердің өздері мектеп басшылығының сабақтың арасында күрделі жөндеу жұмыстарын істеткізіп, қар күреуге, құрылыс материалдарын тасуға, ауланы тазартуға мәжбүрлегенін айтады.

«Қызылжар орта мектебі. Міне, мұғалімдерді «стяжка» істеуге мәжбүрлеп жатыр. Осындай жұмыстар. Әй, кішкене сал, кішкене сал!.. Міне, жігіттер кетіп бара жатыр. Осындай жағдайлар бізде белең алып отыр, құрметті халық», – дейді видеоны түсірген жігіт.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Тегтер: жұмыс мұғалім