$ 494.87  520.65  4.91

Бейжіңдегі Паралимпиадада Қазақстан құрамасы 17-орынға тұрақтады

Қазақстан құрамасында биатлон жарысы бойынша Александр Герлицтің бір қола жүлдесі бар.

Қазақстан құрамасы Бейжіңдегі Паралимпиада ойындарында 17-орынға тұрақтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан құрамасында биатлон жарысы бойынша Александр Герлицтің бір қола жүлдесі бар. Бұл Қазақстан құрамасына Аустралия және Швейцариямен 17-орынды бөлісуіне мүмкіндік берді.

2018 жылғы қысқы паралимпиадада Қазақстан құрамасы бір алтынмен 20-орынды иеленген еді.

Қытайлық паралимпиадашылар 18 алтын, 20 күміс және 23 қола медаль жеңіп алды. Екінші орынға Украина командасы тұрақтады (11-10-8). Үштікті канадалықтар аяқтады (8-6-11).

Айта кетейік, Герлиц медальдан бөлек, өзге төрт жарыста бесінші орынға ие болды - шаңғы жарысында үш рет және биатлонда бір рет. Сонымен қатар, Ербол Хамитов шаңғы эстафетасында бесінші болды.

Осылайша, Герлиц 115 мың доллар, ал Хамитов он мың алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары