$ 494.87  520.65  4.91

Еліміздің 4 облысында жолдар жабылды

Боранға байланысты көліктің барлық түрі үшін бірнеше тас жолда қозғалыс шектелді.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы ауа райының қолайсыздығына байланысты төрт облыста республикалық маңызы бар жолдардың жабылғанын хабарлады.

Ақмола облысында боранға байланысты көліктің барлық түрі үшін бірнеше тас жолда қозғалыс шектелді. Олар:

Екатеринбург – Алматы тас жолының 1291-1353 шақырымдағы учаскесі (Жібек жолы кенті – Қарағанды облысының шекарасы);

Екатеринбург – Алматы тас жолының 1275-1291 шақырымдағы учаскесі (Нұр-Сұлтан қаласы – Жібек жолы кенті).

Екатеринбург – Алматының 1003-1247 шақырымдағы учаскесі (Атбасар қаласы – Нұр-Сұлтан);

Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті тас жолының 16-200 шақырымдағы учаскесі (Нұр-Сұлтан – Павлодар облысының шекарасы);

Нұр-Сұлтан – Петропавл тас жолының 18-231 шақырымдағы учаскесі (Нұр-Сұлтан – Щучье қаласы).

Шығыс Қазақстанда облысында Алматы – Өскемен тас жолының Аягөз бен Қалбатау арасындағы учаскесі жабылды.

Қарағанды облысында екі жол учаскесі жабылды. Олар:

Екатеринбург – Алматы тас жолының 1291-1353 шақырымдағы учаскесі (Ақмола облысы – ПВП Теміртау);

Екатеринбург – Алматының 1426-1446 шақырымдағы учаскесі (ПВП Теміртау – Темиртау қаласы);

Ал Павлодар облысында Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті тас жолындағы Ақмола облысының шекарасы мен Шідертінің арасы жабылды.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары