15 наурызда сағат 22:10 шамасында Атырау қаласының аумағында атыс салдарынан 1995 жылғы және 1999 жылғы екі ер адам қаза тапты, тағы бір 1995 жылы туған азамат жарақат алып ауруханаға жеткізілді.
"Күдікті қылмыс орнынан бой тасалаған. Оқиға орнында жедел-тергеу тобының жедел жұмысы барысында жақын маңда 1999 жылы туған ер адамның тағы бір мәйіті табылды. Қылмыс жасады деген күдікпен 1993 жылы туған Маңғыстау облысының тумасы анықталып, ұсталды. Оқиға жеке келіспеушіліктер негізінде болған", - деді Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінде.
ҚК 99-бабы 2-бөлігі бойынша тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.
Естеріңізге сала кетейік, Атырауда атыс болғаны туралы хабарлаған болатынбыз.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.