Түркістан облысында толассыз жауын жауып, үйлер мен қора-қопсыны су басты. Арнайы құрылған штаб зардап шеккендерге көмек көрсетуде, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жетісай мен Мақтаарал аудандарында апта бойы жауған жаңбыр салдарынан үйлер мен қора-жайлар су астында қалды.
Түркістан облыстық ТЖД басқарма басшысының мәліметінше, Жетісай ауданында 36 үйді, Мақтаарал ауданында 12 үйді су басты.
Жергілікті билік өкілдері ауданда жерасты суларын соратын дренаждардың басым көпшілігі істен шығып қалғанын айтады.
"Ауданда 392 тік дренаж болатын болса, бүгінгі таңда оның 82-сі жұмыс істеп тұр. 72-сі режимге сәйкес тоқтап тұр. 233-і жөндеуді қажет етеді. Ауданда жедел желі іске қосылып, су басқан үйлерге көмектер көрсетілуде", - дейді Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Әшірбай Тасов.
Айта кетейік, ауа райын болжаушылар нөсер жауынның алдағы төрт күн бойы жалғасатынын хабарлады.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.