Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Skifnews.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Екі ел басшылары сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға және өңірлік кооперацияны кеңейтуге мән бере отырып, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың перспективаларын талқылады.
Әңгімелесу барысында Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді іске асыруға, сондай-ақ сыртқы экономикалық ахуалдың кері әсерін азайтуға бағытталған күш-жігерді тығыз үйлестіруге баса мән берілді.
Әңгіме соңында Президенттер бір-бірін Наурыз мерекесімен құттықтады.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.