$ 449.58  486.94  4.86

«Бүгінгі Жолдауды «НАУРЫЗ РЕФОРМАСЫ» деп атағанды жөн көрдім» -   Ауыт Мұқибек

Бәрі-бәрі де біз армандаған шешімдер болды.

Мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Жолдауын «НАУРЫЗ РЕФОРМАСЫ» деп атағанды жөн көрдім.
Ең бастысы, Конституцияның ОТЫЗДАН АСТАМ бабына өзгеріс енгілетін болды.
Біз күткен саяси реформа деген – осы!
- Президенттің қандай да бір партияға мүше болуына тыйым салуды заңмен бекіту;
- Президенттің жақын туыстарының саяси лауазымдар мен квазимемлекеттік құрылымдарды басқаруына шектеу қою;
- Орталық сайлау комиссиясы, конституциялық кеңес мүшелері және әкімдерге де партиядан шығару;
- Президентті аудан және ауыл әкімдерін тағайындау құқығынан айыру;
- Ұлттық құрылтай институтын енгізу;
- Президент сенаттағы 15 емес, 10 депутатты тағайындау;
- Мәжілістегі Халық ассамблеясы атынан сайланған депутаттар сенатқа ауыстырылып, саны 9-дан 5-ке дейін азайту;
- Есеп комитетінің орнына Жоғары аудиторлық палата құру;
- Партияларды тіркеу үшін қажет қолдар санын 20 мыңнан 5 мыңға, партия құрғысы келетін бастамашы топтың  санын 1000 нан 700 адамға азайту;
- Конституциялық сот құру, Бас прокурор мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің  Конституциялық сотқа жүгінетін ету;
- Мәжіліс депутаттарының 70 пайызын – пропорционалды, 30 пайызын мажоритарлық жүйе бойынша сайлау; 
- Облыс және республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттарын аралас жүйе бойынша сайлау;
- Мәжілістегі Қазақстан халқы ассамблеясының квотасын жою;
- Алматы облысын екіге бөлу, Абай, Ұлытау облыстарын құру...
Бәрі-бәрі де біз армандаған шешімдер болды.
Дау жоқ, Президенттің бұл реформалары ең алдымен барлық саладағы бәсекелестікті дамытуға зор серпін береді.
Осынау ауқымды реформаларды іске асыру барысында, тек бір мәселеге баса назар аударуды ұсынамын.
Ол – Абай облысының территориясын бөлгенде, Шемонаиха ауданын Абай облысына қосу. 
Бұл – Шығыс Қазақстан облысындағы мемлекет құрушы ұлт санының басымдылығын нығайтады.
Қысқартып айтқанда, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы парасаттылығын көрсетті. «Қасыретті қаңтар» оқиғасында шейіт болған бауырларымыздың аруағы риза болатын өзгеріске даңғыл жол ашты деп есептеймін.
Мен отандастарымды осынау жаңалықтармен шын жүректен құттықтаймын.
Қасым-Жомарт ағамызға Алла қуат берсін!!!
                                                                                                 

  Ауыт Мұқибек

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары