Жаңалықтар 16.03.2022 сағат 22:30

400 мың долларды елден әкетпек болғандар ұсталды

Соттың шешімімен ақша мен тауар мемлекет кірісіне тәркіленуі мүмкін.
400 мың долларды елден әкетпек болғандар ұсталды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Шекарашылар қос түбі бар сөмкеде жасырып елден 400 мың АҚШ долларынан астам ақша шығармақ болғандарды қолға түсірді.

Оқиға 15 наурызда Алматы халықаралық әуежайында болды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Ақшаның бір бөлігі қос түбі бар сөмкеде жасырылған.

25 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін ҰҚК шекара қызметі 900 миллион теңгеден астам сомаға декларацияланбаған қолма-қол ақшаны елден әкетудің алдын алды.

Шекарашылар шетелге шығу кезінде құқықбұзушылықты болдырмау үшін елдің қаржы заңнамасының талаптарын сақтау қажеттігін еске салды.

14 наурызда президент Қазақстаннан шетелдік валюта және алтын құймалар мен монеталарды алып шығуға шектеу қойды.

Қолма-қол ақша 10 мың доллардан аспауы керек.

Сондай-ақ Ұлттық банк шығаратын аффинирленген алтынның 5, 10, 20, 50 және 100 грамм алтын құймаларын, "ALTYN BARYS" алтынынан және "KÚMIS BARYS" күмісінен жасалған инвестициялық монеталарды, сондай-ақ 100 грамнан асатын аффинирленген алтынды өзіңмен бірге (багажда) әкетуге болмайды.

Тыйымды бұзған адамдар Қазақстан заңнамасына сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тартылады.

Әкімшілік жауапкершілікке тартылған жағдайда 15 АЕК мөлшерінде (45,9 мың теңге) айыппұл салынады. Сондай-ақ, соттың шешімімен ақша мен тауар мемлекет кірісіне тәркіленуі мүмкін.

sputnik.kz

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар