$ 441.66  475.14  4.86

Өзбекстан Луганск пен Донецкті республика ретінде мойындаудан бас тартты

Бұл туралы аталған елдің сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов мәлімдеді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Өзбекстан Республикасы Украинаның тәуелсіздігін, егемендігін және аумақтық тұтастығын қолдайды. Ал Донецк және Луганск халық республикаларының дербестігін мойындамайды. Бұл туралы аталған елдің сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов мәлімдеді деп деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сенатта сөйлеген сөзінде ол Украинаның айналасындағы жағдай Өзбекстанда үлкен алаңдаушылық тудыратынын, жанжалды бейбіт түрде, саяси және дипломатиялық жолмен шешу керектігін айтты. Ол үшін ең алдымен соғыс қимылдарын, зорлық-зомбылықты дереу тоқтату қажет.

Өзбекстан Ресей Федерациясымен де, Украинамен де дәстүрлі көпқырлы байланысқа ие екенін келтірген министр, ұлттық мүддені негізге ала отырып, екі елмен өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыратындарын, қиын күндерде Украинаға гуманитарлық көмек көрсететіндерін жеткізді.

«Өз кезегінде Өзбекстан Республикасы Украинаның тәуелсіздігін, егемендігін және аумақтық тұтастығын мойындайды. Донецк және Луганск халық республикаларын дербес ел деп танымаймыз», - деді Абдулазиз Камилов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары