$ 498.34  519.72  4.85

Алматыдағы ауруханада 5 ай жатқан Тәңірберген әкесіне қайтарылды

Тәңірбергеннің әкесі ДНК тесті арқылы өзінің туымстығын дәлелдеп, баласын үйіне алып кетті.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Алматы ауруханасында бес ай жалғыз жатқан бүлдіршін отбасына қайтты. Тәңірбергеннің әкесі ДНК тесті арқылы өзінің туымстығын дәлелдеп, баласын үйіне алып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz. Сүйінші жаңалықты Айдана Аллажарқызы Instagram парақшасы арқылы жеткізді.

Бүгін Тәңірбергенді үйіне алып кетті! Енді бәрі оның қасында болады, оның ата-әжесі, ағалары бар әпкелері. Ол үшін жаным қуанады. Өмірде әр адам қателеседі. Ал орындалмағанның бәрі әрқашан жақсы жаққа. Бала тоқ, киімі бүтін, дені сау. Туыстары жақсы адамдар, оны жақсы көреді. Жақындары ақшадан бас тартты. Ақшаны Тәңірбергенге салуға шешім қабылдады. Есеп болады. Мен ол үшін өте қуаныштымын. Оған және отбасына жақсылық тілейік, - деді Айдана Аллажарқызы.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары