$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбе әуежайы басқармасы: «Ақпараттық соғыс жүріп жатыр»

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің шешімі бойынша Ақтөбе әуежайы 17 сәуірге дейін жабық.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің шешімі бойынша, Ақтөбе әуежайы 17 сәуірге дейін жабық. Қазақстандық авиакомпаниялар әуежайдың ұшу-қону жолағын (ҰҚЖ) қанағаттанарлық деп санағанымен, Ақтөбе қаласындағы барлық рейстер тоқтатылды қазір билеттер қайтарылуда, деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметі.

«Осы жаңалық төңірегінде, ақпараттық соғыс жүріп жатыр. Жұмыс жүріп жатыр, біз әуежай жабылмауы үшін барлығын жасаймыз, өйткені бұл халық арасында әлеуметтік шиеленіс тудырып отыр. Егер әуежай жабылса, қызметкерлер қайда барады? 500-ден астам қызметкер, олардың әрқайсысында отбасы, жалақы, несие бар. Бұл үшін біз қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз. Авиациялық әкімшілік  авиакомпанияларға әуежай  17-сі күні жабылатыны туралы хабар берді. Хаттама бойынша олар бізге 16-сына дейін уақыт беруі керек. Хаттама бойынша олар 16 күні келеді, егер прогресс болса, тағы бір рет қарайды. Осы тұста біз өз уәдемізді орындаған  жағдайда  жабылу туралы мәселе шешілер еді. Алайда, олар белгісіз бір себептермен уақытынан бұрын жауып  тастады. Жабу туралы шешім сол жоғары жақтың тарапынан болды. Біз мәселенің тезірек шешілуі үшін қазіргі таңда жұмыстанып жатырмыз»,-деп хабарлады «Ақтөбе Халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Дастан Малиев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары