$ 494.87  520.65  4.91

Қапшағайда баспана бағасы күрт өсіп кетті

Риэлторлардың айтуынша, Қапшағай қаласында баспана бағасы бірден  40 пайызға қымбаттаған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қапшағайда жылжымайтын мүлік нарығы күрт жанданды. Қаланың облыс орталығы болады деген хабардан кейін іскер сатушылар пәтер бағасын бірден көтерді. Риэлторлардың айтуынша, баспана 40 пайызға қымбаттаған. Олар қазір шаршы метріне орта есеппен 300 000 теңге сұрап отыр, деп хабарлайды 31 арна.

Бірнеше күннен бері жарнамаларда баға өзгеріп жатыр. Бұрын «бір бөлмелі пәтер» үшін сатушылар жеті миллион теңге сұраса, қазір бастапқы баға 11 миллион теңгеге жетті. Зүлфия Мұсагимованың жолы болды: ол дүрбелеңге дейін үш бөлмелі пәтер сатып алды.

— Бір ай бұрын 12 миллионға пәтер сатып алдым. Пәтерді жөндеуге үш миллион кетті. Ал енді қазір  сатқым келс, бұл пәтерге 20 миллиондай сұрай аламын, – дейді Қапшағай қаласының тұрғыны Зүлфия Мұсагимова.

Бір қызығы, жылжымайтын мүлікке негізінен Талдықорған, Қаскелең және Шымкент қалаларының тұрғындары қызығушылық танытады. Жалға беру нарығында жағдай басқаша. Бағалары бұрынғыдай. Шын мәнінде, сұраныс ұсыныстан әлдеқайда асып түседі.

— Сонымен қатар 60 мыңдық бір бөлмелі пәтер  құны өте сирек кездеседі. Бір бөлмелі пәтерді жалға алу құны 80 және 100 мыңнан. Екі бөлмелі пәтер 125 мың, үш бөлмелі пәтер 150 мың. Ал қазір ондай пәтерді Қапшағайдан таба алмайсыз. Мұндай бағалар бізде шамамен үш-төрт ай бұрын қалыптасқан. Неге екені әлі анық емес, бірақ барлығы сұранысқа байланысты. Жалпы жалдамалы баспана жеткіліксіз, – дейді жылжымайтын мүлік агенттігінің директоры Алма Қадырбаева.

Жаңа облыс орталығына тұрғындар легі бұрынғыдан да арта түспек. Сондықтан да 40 пайызға қымбаттаған баспана мен жер құны әлі шарықтау шегіне жеткен жоқ деп болжауға болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары