$ 479.38  531.63  5.27

«Харьковке шабуыл жасаған Ресей әскері соғысудан бас тартты» – УҚК Бас штабы

Украинаға басып кірген Ресей әскері Украина қарулы күштерімен қақтығыста үлкен шығынға ұшырады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Украина қарулы күштерінің Бас штабы 20 наурызда Facebook парақшасында хабарлады.

«Басқыншылар айтарлықтай шығынға ұшырауда. Жеке құрамның моральдық жағдайы мен соғыс қимылдарыкүн өткен сайын нашарлап барады. Соғыс қимылдарына қатысқан Росгвардияның жазалаушы бөлімшелері қару-жарақ пен әскери техниканың едәуір бөлігінен айрылды» делінген хабарламада.

УҚК мәліметінше, Ресей әскері ескірген және ішінара ақауы бар құрал-жабдықтардан келген шығынды өтеп жатыр.

«Ресейдің Белгород қаласының комендатурасы Харьков шабуылына қатысқан бөлімшенің көп шығынға ұшырауына байланысты әрі қарай шабуыл қимылдарына қатысудан бас тартып, басқаларды үйлеріне қайтуға шақырған 138-ші мотоатқыштар бригадасының 10 әскери қызметкеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр» делінген Бас штаб мәлімдемесінде.

Оның айтуынша, ресейлік әскери бөлімшенің басшысы «Херсон халық республикасын» құрудағы әлсіз жұмысы үшін қатаң сөгіс алды.

«Кремль басшылығы халықтың қарсылығы салдарынан тіпті шартты-индикативтік суреттің жоқтығына наразы» деп мәлімдейді УҚК.

 

Еске салсақ, Ресей президенті Владимир Путин Донбас республикалары басшыларының үндеуіне жауап ретінде арнайы әскери операция жүргізу туралы шешім қабылдап, Украинаға қарсы соғыс жариялады. Алайда Ресей басшысы Мәскеудің жоспарында Украина аумақтарын басып алу жоқ екенін айтқан болатын.

2 наурыз күні таңертеңгі жағдай бойынша Ресей әскері 5840 адамнан айырылды. Сондай-ақ 60-тан астам ұшақ пен тікұшақ, 862 бронетранспортер, 85 артиллериялық жүйе және басқа да көптеген техника жойылды. 28 ақпандағы жағдай бойынша 352 бейбіт тұрғын, оның ішінде 16 бала қаза тауып, 2040 адам жарақат алды.

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей әскерінің шабуылдың алғашқы сағаттарынан бастап азаматтық инфрақұрылымға соққы беріп жатқанын айтты. Президенттің айтуынша, Ресей басқыншы әскерлерінің Украинадағы әрекеттерінде геноцид белгілері бар.

27 ақпанда Украина «басқыншылықты ақтау мақсатында геноцид ұғымын бұрмалағаны үшін Ресейді жауапқа тартуды» талап етіп, Халықаралық сотқа Ресейге қарсы шағым түсірді. Ресейдің Украинаға басып кіруіне қатысты тергеуді Халықаралық қылмыстық соттың прокуроры Кәрім Ханның өзі бастады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары