$ 448.15  483.46  4.86

Қарағандыда ломбард қызметкеріне 2 млн теңге ұрлады деген айып тағылды

Ломбард ұсынған деректерге сәйкес, кезекті ревизия кезінде алтын бұйымдар мен ақшаның ұрланғаны анықталған.

Қарағанды қаласында ломбардтан 2 млн теңгенің бағалы затын ұрлаған қызметкер ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Басылымның мәліметінше, биыл 11 ақпанда Қарағанды қаласы ПБ Октябрь аудандық полиция бөліміне бағалы заттардың жоғалғанын айтып, жергілікті ломбардтардың бірінің басшысы жүгінген. Ломбард ұсынған деректерге сәйкес, кезекті ревизия кезінде алтын бұйымдар мен ақшаның ұрланғаны анықталған. Жалпы келтірілген шығын 2 млн теңгені құраған. Ақпаратты алған полиция қызметкерлері тергеу бастаған.

16 наурызда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция ызметкерлері күдікті ретінде 26 жастағы әйелді ұстаған. Ол алтын ұрланған ломбардта сарапшы-бағалаушы болып жұмыс істген. Тәртіп сақшылары іс бойынша заттай айғақтарды тауып, тәркілеген. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары