Қапшағайлық депутаттар қала атауын өзгертуді қолдады, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы отырысында Қапшағай қаласын Дінмұхамед Қонаевтың құрметіне қайта атау ұсынылған. Қалалық мәдениет бөлімі басшысының айтуынша, өткен аптада Қапшағай әкіміне елді мекеннің атын өзгерту жөнінде ондаған ұсыныстар түскен.
Тағы оқыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы (ТОЛЫҚ НҰСҚА)