$ 494.87  520.65  4.91

Мәдениет мәйегі – кітап

Мемлекет өз кезегінде оқимын деген адам үшін мол мүмкіндіктер қатарын жыл өткен сайын көбейтуде.

«Шын мәнінде, кітап оқу – рухани кемелденудің көзі десем артық емес. Қазіргі уақыт – секунд сайын жаңарған ақпарат заманы. Жалған деректің, шындыққа жанаспайтын қауесеттердің де тез тарап жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан, мұндай жағдайға мейлінше жол бермеу үшін алтын уақытымызды  пайдалы істерге жұмсағанымыз жөн», - деп Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай кітап оқу – уақытымыздың дұрыс пайдаланудың көрсеткіші. Skifnews.kz ақпараттық порталы бүгінгі материалында қазақ тіліне аударылған кітаптарды және олардың бағыттарын тізбектемек.

Қазіргі таңда мемлекеттік тапсырыс аясында қазақ тіліне аударылған кітаптап көптеп шығуда. Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтіп, әдебиетіміздің көкжиегін көрсететін жұмыстардың бірі – көркем аударма. Осы орайда, біздің аударма­шы­лар, бүгінгі оқырманға қажет әрі қызық деп тапқан шетел жазушыларының туындыларын өз ана тілімізде тәржімалауда. Бұл өз кезегінде қазақ оқырмандарының әлем әдебиетімен өз тілінде танысып, оны ана тілінде түйсінуге мол мүмкіндік береді. Мәселен, соңғы төрт жылда аударылған оқулықтар әлеуметтану, философия, психология, дінтану, лингвистика, дипломатия, педогокика, интернет психологиясы, мәдениеттану, антропология, журналистика, экономика, маркетинг, менеджмент, кәсіпкерлік, халықаралық құқық, театртану, кинотану, шығыс философиясы, көшбасшылық, этнография, медиа сынды бағыттарды қамтамасыз етті. Сондай-ақ, осыған дейін аударылып жүрген салалардан тыс жаңаша бағыттаға кітаптарды қазақ тіліне аудару жұмысы қарқынды түрде жүзеге асып жатыр. Мысалы, бұрын-соңды болмаған тың эконмикс, макро, микро эконмика және менеджмент пен маркетинг, ағылшын құқығы, интеллектруалдық меншік құқығы бағыттары бойынша аударма жұмыстары жүргізілді.

«Рухани жаңғыру» көп кешенді жобасының негізгі бөлімі болып саналатын «100 жаңа оқулық» жобасы аясында 2020 жылы таңдалып алынған кітаптар ана тілімізге аударылып, жоба өзінің негізгі миссиясын толық орындап шықты. Аударылған кітаптар 10 000 данамен басылып шығып, еліміздегі 130 оқу орнына тегін үлестіріп берілген.

Сондай-ақ, «Фолиант» баспа үйі қазіргі таңда шетел авторларының талдамалы еңбектерін қазақ тіліне аудару жолында біраз еңбек етіп келеді. Сөзімізге дәлел ретінде, «Фолиант» баспа үйінің әлем әдебиетінің алтын қазыналарының бірі болып табылатын Халед Хоссейнидің «Жарқыраған мың күн», Мо Янның «Өмір мен өлім азабы», Орхан Памуктың «Ақ қамал», «Сезім музейі», «Менің атым Қырмызы», «Менің оғаш ойларым», «Үнсіз үй» сықылды туындыларын қазақ тілінде аударғанын естеріңізге саламыз. Өткен 2021 жылы «Фолиант» баспа үйі  тағы да әлем әдебиетін ана тілімізге тәржімалап қалың оқырманға ұсыну өз жоспарларында барын алға тартқан. Олардың қатарында Эй Бредберидің «Фаренгейт бойынша 451 градус», Джон Рональд Руэл Толкиннің «Сақиналар әміршісі», Стивен Кингтің «Сол», «Жасыл миль», «Рита Хейворт және Шоушенктен қашу», Гузель Яхинаның «Зүлейханың оянуы», Халед Хоссейнидің «Батпырауық қуған бала», Кен Кизидің «Жындылар үйіндегі жанжал», Луиза Мэй Олкотттың «Кішкентай ханымдар», Шарлотта Бронтенің «Джейн Эйр», Джо Диспензаның «Түпсана күші», Герберт Уэллстің «Көрінбейтін адам», Ахмет Үміттің «Ыстамбұл естеліктері», Джон Стейнбектің «Тышқан мен адам хақында», «Інжу-маржан», Клайв Стейплз Льюистің «Арыстан, сиқыршы және киім шкаф», Роберто Риччидің «Қызыл Арлекин», Миясе Сертбаруттың «Сыр жасырған тұман» сынды шығармалары бар.

 Іскерлік бағыттағы әдебиет аудармаларының ішінде «Alibaba. История мирового восхождения» сияқты танымал кітап бар. Автор оқырманға Қытайдағы ең бай адам Джек Маның табысқа қалай жеткенін айтып береді. Қазір қазақ тілінде таралымы 3000 дана. Сонымен қатар, Қазақстандық оқырман Чарльз Монтгомеридің қала құрылысы туралы «Бақытты қала» атты тағы бір кітабын сатып алып оқи алады. Аударманы еліміздің «KANTAI transl» компаниясы жасаған.

Қазақ тіліндегі оқулықтар мен кітаптарды көптеп шығару, әлем әдебиетімен бұқараны ана тілімізде таныстыру бүгінгі күннің талабы. Осы орайда, жоғары оқу орындары үшін аса қажетті табылған базалық оқулықтар мен өзге де көркем кітаптарды басып шығару үшін мемлекет бюджетінен бөлінетін арнайы қаржы көлемі жыл сайын артып отыр. Бұл – мемлекетіміздің кітап сүйер оқырман үшін жасаған ең ауқымды істерінің бірі әрі бірегейі. Елбасымыз айтқандай, «Білім — кітапта. Қазіргі таңда балалардың көбісі компьютерде отырады. Сондықтан, болашақта кітап оқығандар компьютерде отырғандарды басқарады». Сұраныс бар жерде ұсыныс табылады. Мемлекет өз кезегінде оқимын деген адам үшін мол мүмкіндіктер қатарын жыл өткен сайын көбейтуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары