Бүгін, таңғы сағат 07.43-те Нұр-Cұлтан-Алматы бағыты бойынша ұшып шыққан Air Astana әуекомпаниясының А 321 ұшағы Нұр-Cұлтан қаласына қайта оралған. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті өзінің Telegram-каналында бөлісті, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Комитеттің мәліметінше, техникалық ақауға байланысты әуе кемесі әуежайға қайта оралған. Ұшақ Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына таңғы 08:32-де сәтті қонған. Бортта 158 жолаушы мен экипаж мүшесі болған. Комитет аталған факті бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігініңавиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеу басқармасы тергеу жүргізетінін атап өтті.