Таразда күшті жел қайғылы оқиғаға себеп болды. Қолайсыз ауа райының салдарынан ағаш құлап, 12 жастағы бала көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ол анасымен бірге аялдамада автобус күтіп тұрған. Ақпаратты облыстық Полиция департаменті растады. Осы оқиғаға қатысты тергеу басталды.
Әлеуметтік желілерде Тараз қаласының тұрғындары түсірген видеолар тарап жатыр. Онда күшті жел көп қабатты үйлердің шатырын шайқағанын көруге болады. Әзірге төтенше жағдайлар департаментіне қираған немесе зақымданған нысандар туралы ақпарат келіп түскен жоқ.